Еліміздің тәуелсіздік алып, еңселі ел болғанына 30 жыл. Елбасымыздың сындарлы саясатының ар­қа­сында аз ғана уақыт ішінде қыруар жұмыстар ат­қа­рылып, еліміз бүкіл әлемдік деңгейге көтерілді. Атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында мемле­кетіміздің күш-қуатын арттыруды мақсат еткен іс-ша­раларды ерекше атауға болады.
Соның бірі – еліміздің ішкі тәртібін күшейту мақсатында қолға алынған сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары. Бүкіл әлемдік тәжірибелерге сүйеніп, бұл жұмыс дереу қолға алынды және аз уақыттың ішінде өзінің нәтижесін көрсетуде.
Әйтсе де,қоғам бойына құрт боп түскен сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу әзірше мүмкін болмай тұр.Ел ертеңі үшін жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметшінің өзіне бекітілген қызмет міндетін мүлтіксіз орындауы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға негіз болады және сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністерге қарсы тұрғанда ғана біз оны жеңе аламыз.

Алмас РҮСТЕМОВ,
Қазынашылық департаментінің бөлім басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!