Фото: https://www.instagram.com/azamatc/
«Қазақфильм» киностудиясының басшысы, актер Азамат Сатыбалды даулы мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, істің мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол “Жалған ақпаратқа жүйелі жауап” деп 12 пункт бойынша нақты жауап жазып, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Киностудия басшысының айтуынша, қызметкерлер айлығын уақытылы алып отырған көрінеді.
«1. Қазақфильм мен Қазақанимация қызметкерлері айлықтарын толық алып отыр.
2. Бұл – Алтын адам жобасының шығармашылық тобы. Айлық емес, қаламақы. (Гонорар)
3. Жоба 2019 жылы басталған. Бес жыл созылып, бітпей келе жатыр. Соңғы мерзім бойынша 2023-те бітуі керек екен.
4. Ақшасы 90% төленген.
5. 10%-ы қалған.
6. Бұл жоба – ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысы.
7. Қазақфильм – орындаушы орган. Қазақфильм де қаражатын ала алмай, зардап шегіп отыр.
8. Кино орталығы жобаны қабылдамады. Ол жерде эксперттік кеңес бар.
9. Содан кейін сот процесі басталды.
10. Бұл – жүйелі шара. Бәрін заңдастыру үшін.
11. 20 маусым күні ұлттық киноны қолдау орталығының бастығы Құрманбек мырзамен кездесу өтті. Сол жерде ортақ шешімге келді. Жобаның режиссері мен авторлары қол алысып, келісті.
12. Қазақфильм сол бағытта жұмысын бастап кетті», – деп жазды актер.
Сонымен қатар Азамат Сатыбалды бұл мәселеге қатысты өзін кінәламауды өтініп, жобаға қатысы жоқ екенін айтты.
«Бұл жерде жобаға қатысы жоқ мені және Қазақфильмді кінәләу дұрыс емес. Қазақфильм де – жәбірленуші. Қалай болмасын, «Алтын адам» жобасы жарыққа шығады. Шығармашылық топ қаламақысын алады. Соған сәл уақыт және сабыр керек. Осыны пайдаланып, пиғылы басқа және бұл жобаға дым қатысы жоқ, осыны ұйымдастырған белгілі бір топқа айтарым… Абыройды беретін Жаратқан және алатын да Жаратқан. Әуре болмаңдар», – деді “Қазақфильм” киностудиясының директоры.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!