Өмір − ең қымбат дүние. Ал ұзақ, мәнді өмір сүрудің негізі − денсаулық. Денсаулық − бәріміздің ең құнды, асыл қазынамыз. Адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың арасында ағзаны улайтын зиянды заттар бар.

Мұндай қатерлі заттармен өскелең ұрпақтың ағзасы уланып, болашағы бұлыңғыр болады. Қазір ғаламтор желісінде заңсыз улы зат сатушылар көп екені айтылады. Егер де бір адам саған есірткіге ұқсас затты ұсынып, дәмін татып көруді сұраса, ойланбастан бас тарт! Мұндай кезде «жоқ!» деп айтуды үйрен. Себебі, біздің ел болашағы есірткіге тәуелді ұрпақтың емес, оқу-білімге құштар, өмірге деген көзқарасы ерекше жастардың қолында. Құндылығыңды биік ұстап, абыройлы болғың келсе, адамзатқа кесел жаудыратын есірткі дейтін лас дүниеден бойыңды да, ойыңды да аулақ ұста!
Мен уайымсыз, бақытты өмірді таңдаймын. Зиянды дүниелерге қарсымын. Сендерді де нашақорлыққа қарсы болуға шақырамын!
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған емес пе? Жақсыдан көріп, жаманнан жирену керек.

Наргиза ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
М.Мәметова атындағы Қызылорда
педогогикалық жоғары колледжінің
І курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!