«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»


#есірткігеқарсыбайқау #антинаркотическийконкурс

Құрметті жас достар! Мен сіздерді «жоқ» деген сөзді айтып, бақытты өмір сүруге шақырамын! Жоқ деп айту адамдардың көңілін қалдыруы мүмкін. Бірақ біз сол үш әріпті айту арқылы өз ойыңызды білідіріп, жаман әдеттерден аулақ болуды үйренеміз!
Қазіргі қоғам дертінің бірі – есірткіге әуестік. Әрбір адам отбасында алған тәрбиесінен және қоршаған ортадағы іс-әрекеттерден, достарынан тәрбие алып, нәтиже шығарады. Тәрбие беруді отбасындағы құндылықтардан бастау керек. Есірткі бұл денсаулықты құртып қана қоймай, адам санасының улануына алып келеді. Нашақорлық – бүкіл қоғамның дерті.
Есірткі қолдану ол тек бір адамды ғана құртып қоймайды, болашақ ұрпағына да, оның денсаулығына да зиянын тигізеді. Адам өзінен өзі есірткіге әуес болып кетпейді. Белгілі бір дүние себеп болады. Олардың бірі адамның қарым-қатынас жасайтын ортасы және отбасыда көретін тәрбиесі мен қысым көрушіліктен болады. Жастар есірткі арқылы барлығын ұмытып кетемін, ләззат аламын деп ойлайды. Егер сіздерге біреу тығырықтан шығу үшін, барлық мәселені шешесің деп жаман жолға түсуге, есірткі, ішімдік қолдануға шақырса «Жоқ» деп айтуымыз қажет! «Жоқ» деп айтуды жанымыздағы достарымызға да үйретуіміз керек! Бір ғана стресстен құтылып, өмір бойына ауру болып қалу мүмкіндігіне алып барады. Әрбір отбасы жас ұрпақ тәрбиелеп отырғандықтан, ұрпақтарына есірткінің зиянын, оны қолданғанда қандай ауруға алып баратынын тәрбие беріп түсіндіруіміз керек.
Қоғамда қаншама жастарымыз осы есірткі қолданамын деп өз өмірлеріне балта шауып жатыр. Қазіргі таңда мектептерде, колледждерде оқушаларға есірткінің зияны туралы көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Менің ойымша, осындай шаралар көп жүргізілуі керек. Себебі, адамның санасына ой салу үшін видеороликтер көрсетіп, есірткінің қандай зияны бар екенін айтса, жағдай тағы да біршама жақсарар еді. Тек қана сөйлеп қоймай, практикалық тұрғыдан көптеген жұмыстар жасауымыз керек.
Қорытындылай келе, есірткі бұл жәй ғана аз уақыттық ләззат. Бұл өмірде есірткісіз де маңызды дүниелер жетерлік .Сол дүниелердің, отбасының, достарымызбен ең бастысы денсаулығымыздың қадірін білейік. Болашақ – біздің қолымызда. Елдің ертеңі – салауатты, білімді, бәсекеге қабілетті жастар. «Жоқ» деп айтуды үйреніп, жарқын болашаққа бірге қадам жасайық!

Динана НҰРХАН,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 3 курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!