Фото: Sputnik / Санат Имангалиев
Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде суицидтің саны азаятын емес. Сенат басшысының айтуынша, бұл проблема үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Суицид адам болмысына қайшы әрекет болып саналады. Бірақ ондай әрекеттердің саны көп.
«Әлемдік діндерде суицид ауыр күнә болып саналады. Адам өз-өзіне қол салса, жүйеде айтарлықтай ақаулықтар бар деген сөз. Ал ондай әрекеттерді саны көп болса, ақаулықтар ауқымды сипатқа ие», – деді Әшімбаев аналитика мектебінде өткен кездесуде.
Осы орайда сенат басшысы «жүйедегі ақаулықтардың» не екенін де түсіндірді. Ол – отбасыдағы, қоғамдағы және білім беру жүйесіндегі проблемалар. Бірақ суицидтер ересек адамдардың арасында да бар. Бұның барлығы әлеуметтік саясаттың кемшілігін көрсетіп отыр.
«Ал егде жастағы адам өз-өзіне қол салса, біз бұл қоғамды не үшін құрып жатырмыз? Онда әлеуметтік саясатымыздың маңыздылығы неде? Адам өмірге келіп, бала өсіргеннен кейін өмірді солай аяқтауы керек пе? Осы үрдіс сақтала берсе, біздің барлық механизмдеріміз жұмыс істемейді деген сөз. Сондықтан осы мәселелерді көтеру керек, кеңінен талқылап, шешу жолдарын табуымыз қажет», – деп атап көрсетті Әшімбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!