Фото: Lada.kz

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер:

  1. медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
  2. қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.

Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.

Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болмаған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылатын құжаттарды ұсына отырып, мүдделі адамның өтініші бойынша жүргізіледі.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлерінің аясына кіретін басқа да адамдар, қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдар, көршілер қайтыс болуды тіркеу туралы өтінішпен кез келген тіркеуші органға не Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша түрде немесе белгіленген нысан бойынша портал арқылы электрондық түрде жүгінеді.

Жоғарыда көрсетілген адамдар болмаған жағдайда қайтыс болу туралы өтініш хатпен тұрғын үй пайдалану ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың, қайтыс болған адамды күтіп-баққан не адам қайтыс болған ұйым әкімшілігінің қызметкерлері немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы өтініш жасай алады.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

Қызметті онлайн алу:

  1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті Мемлекеттік органда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
  2. Медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат туралы мәліметтер.
  3. Қайтыс болған адамның жеке басты куәландыратын құжаты (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетіледі).
  4. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  5. Қайтыс болуы сот шешімінің негізінде тіркелген жағдайда – қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер.
  6. Қайтыс болған адамның әскери билеті (бар болса).
  7. Қажет болған жағдайда (егер көрсетілетін қызметті алушының тегі және (немесе) әкесінің аты бойынша туыстық байланыс байқалмаса) жақын туыстығын растайтын құжат.

Қызмет көрсету мерзімі

Қайтыс болуды тіркеу мерзімі – 1 жұмыс күні.

Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 5 жұмыс күні.

АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды).

Порталда – өтініш қабылданғанын растау және қайтыс болу туралы куәлікті беру күнін белгілеу туралы хабарлама беру кезінде 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Г.Досмағанбетова,

Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!