Екі күннің бірінде кolesa.kz сайтын парақтайтынымыз бар. Бұл жолы бізді таңқалдырған көлік 1964 жылғы ЗАЗ-965А маркалы темір тұлпар. Совет Одағында құрастырылған көліктің бағасы шетелдің су жаңа автокөліктерінен әлде қайда қымбат. Биыл 57-ге келетін машина үшін иесі 10 млн теңге сұрап отыр.
Хабарландыру авторының сөзінше, 2019 жылға дейін ЗАЗ бір адамның қолында болған, ол екінші иесі. Модельдің жасын ескерсек, жағдайы жалпы жаман емес сияқты. Сырттай «запорожец» расымен жақсы көрінеді, тек интерьерінің өңі кетіпті. Бұл суреттерден байқалады.
Мәтінде одометр 62 684 км көрсетіп тұрғаны жазылған, бірақ қозғалтқышы жөнделіпті, қазір оны жолға төселтіп жатыр екен. Машинаның арт жағына 27 күшке ие көлемі 887 текше сантиметр бензинді карбюраторлы V4 орнатылған. Ол айналу моментін артқы дөңгелектерге беретін механикамен жұмыс істейді. Көліктің эмблемасы мен түпнұсқа саймандары жинаққа кіреді. 10 млн теңге соңғы баға емесін айта кеткен жөн. Өйткені иесі аз-маз саудасы болатынын жеткізген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!