А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай жырлары – Сыр мақамдарында» атты концерт өтті.

Сыр елінің жыршы-жыраулары ұлы тұлғаның жырларын дәріптеу арқылы ақын шығармашылығын насихаттады. Дәстүрлі өнер кешіне облыстағы жыр мектептері мен жыр-терме үйірмелерінің шәкірттері, ұстаздары қатысты. Олар Абайдың 20 шығармасын Сыр мақамдарына салып, орындады.

Абай жырлары Сыр сүлейлерінің мақамымен астасып, ақын мерейтойына арналған ерекше тарту болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!