Елбасы барша қазақстандықты еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
– Осы жылдар ішінде Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып, биік белестерді бағындырды. Біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, еліміздің ұлы тарихын жалғастырып жатырмыз. Елдігімізді нығайтып, әлемдік қоғамдастық мойындаған іргелі мемлекетке айналдық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Салтанатты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр А.Маминге, Тұңғыш
Президент – Елбасының к(мекшісі Д.Ақышевқа, Алматы облысының әкімі А.Баталовқа, Мемлекеттік
күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы А.Әшімбекұлына,
«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Дзюбаға, Mabetex Group компаниясының негізін қалаушы Б.Паколлиге, Қазақстан Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары С.Сейтеновке мемлекеттік наградалар тапсырды.