Тәуелсіз елдің тұрғыны ретінде менің армандарым көп. Дертпен күресіп, денсаулық қадірін білген қиын сәт болып тұр. Халқымыз пандемия уақытын аман-есен еңсеріп, тіршілік түйіткілдері шешілсе екен деймін. Ең бастысы ата-бабаларымыздың сан ғасырлық армандары орындалған тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тілеймін.

         «Ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі», – дейді дана халқымыз. Халқымыз кез келген дау-жанжалды бітімгершілікпен шешіп, елдің араздығына жол бермеген, өрлік пен өжеттілік рухын сақтаған бабалар ұрпағымыз.  Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 29 жыл толып отыр. Егемен еліміз осы уақыт аралығында етек-жеңін жинап, әлем картасында өз орнын дербес қалыптастырған. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Мемлекетіміз әлемдік аренадағы ұстанымды берік бекітіп, бірлік пен гүлденудің символына айналды. Елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы қарқын алды.  Бүгінде әлемді жаулаған COVID-19 дертті біздің елімізді де айналып өтпеді. Қиын сәтте, карантиндік шектеулерге бағынып, қиындықтарды еңсеріп, берекелі бірлік пен тату тірлігімізді сақтап қалуымыз қажет.

Тәуелсіздігіміздің тағы бір жаңа парақтарын ашар тұста еркін де тәуелсіз, айбарлы да азат, қайсар да қайратты халық екенімізді, ұлт бірлігін ұлықтаған егемен ел екенімізді ұмытпауымыз керек. Тәуелсіздігімізді сақтау жолында, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына елеулі үлес қосып, аянбай еңбек етейік. Тәуелсіз халық – қаhарман. Қайсар елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты болып өсе берсін! Мерекелеріңізбен!

Гүлбану  МАҚАЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!