Егемен елдің тұтастай даму та­рихына үңілер болсақ, азаттық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрестің толассыз жүргізілгенін байқаймыз. 

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де оны сақтап қалу, баянды ету, ұрпаққа аманаттау – ұлы борыш. Міне, біздің Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына биыл жиырма тоғыз жыл. Бұл бір қарағанда тым азғантай мерзім. Алайда осы уақыт аралығында Қазақстан аяғынан қаз тұрып қана қоймай, әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикасы дамыды, әлеуметтік жағдайы нығайып, елдің еңсесі көтерілді. Тәуелсіздікке жету жолы қаншалықты ауыр болса, тәуелсіздікпен тыныстаудың баяндылығы да соншалықты жауапты екені анық.
Тәуелсіздік – тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт! Егемендікті нығайту – болашақ ұрпақ алдындағы аманатымыз. Аманатқа адал болу – адамдықтың белгісі! Ендеше тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! 

Ерасыл ШӘРІБЕК