Бұйрық 28 сәуірде тіркеліп, 7 мамырда күшіне енді.

Президенттің Алматыдағы резиденциясы тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен ресми түрде алынып тасталды. Бұйрық 28 сәуірде тіркеліп, 7 мамырда күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«… Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде: реттік нөмірі 31-жол алынып тасталсын», – делінген құжатта.

31-нөмірімен Алматыдағы резиденция тіркелген. Ғимаратты қаңтар оқиғасы кезінде наразылар қиратқан.

2 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев нысанды бұзуды тапсырған.  

Сәуірдің басында оны бұзуға үкімет 6 млрд теңге қаражат бөлетінін хабарлады.

Жалпы қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктер салдарынан қираған ғимараттарды қалпына келтіруге 31 млрд теңге қарастырылған.

Фотосурет: SN.kz