Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитеті
Алматы қаласы Түрксіб ауданының Қайрат шағынауданында прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарған қаражат есебінен сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Осылайша, орталықтандырылған инженерлік инфрақұрылымның болмауына байланысты көп жылдан бері шешімін таппаған мәселе өз шешімін тапты: 21,6 км су құбыры, 24,7 км кәріз желісі, 15,6 км автомобиль жолы тартылып, 3 кәріз сорғы станциясы салынды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 921 абонент инженерлік желілерге қосылып, 2500-ден астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су мен су бұру жүйесіне тұрақты қол жеткізді.
Қазіргі уақытта аталған нысанның инженерлік желілерін «Алматы Су» МКК-ның теңгеріміне беру рәсімі жүргізілуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!