Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерден түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы» «Даут-ата» – «Тәжен» өткізу пунктінде (автомобиль) адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша «Қарақалпақстан» – «Бейнеу» бағыты бойынша теміржол қатынасын тоқтату жоспарланып отыр», – деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Осыған байланысты осы өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға өз маршрутын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.