Мәди Тәкиев. Фото: primeminister.kz

Мәжіліс кулуарында жаңадан тағайындалған қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа қызметтегі жалақы мөлшерін айтты. Бұл туралы KAZNUR.KZ хабарлайды.

Журналист жаңа министрден «жалақы мөлшерімен таныстыңыз ба» деп сұрады.

«Иә, жалақы мөлшерімен танысып, білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкерге бірыңғай жалақы кестесі бар. Сол кестеге сай еңбекақымды аламын. Бір жарым млн теңгеден асады, менің еңбек өтілімді қосқанда», – деп жауап берді Мәди Тәкиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!