Жақында жүкті екенін жария еткен Ерке Есмахан Ақтауда Райыммен өнер көрсетті. Әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның жиналған жұрттан шуламауын өтініп жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Қаламқас кен орнында болған. Ерке Есмахан сахнада тұрып концерт көруге келген қауымнан шуламай, ән тыңдауын өтінеді.

“Қошеметтеріңізге рахмет! Бүгін сіздермен жүздесу бұйырыпты. Айқайламаңыздар! Түсінемін, сіздердің ақшаларыңыз көп. Барлығыңызда 1,2,3 телефоннан бар. Камераға түсірмесеңіздер болмайды ма? Одан да ән шырқап, би билейік. Келістік пе? Телефондарыңызды алып тастаңыздаршы, өтінемін. Біз сіздермен жиі кездеспейміз ғой”, – дейді сахнада тұрған Ерке Есмахан.

Көпшілік әншінің аяғы  ауыр болғандықтан тез шаршап қалады деп болжады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!