Депутат Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жайт Абай облысының басты ақпарат алаңы саналатын парақшада жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қалбатауда ашық аспан астында гала концерт ұйымдастырған. Оған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya секілді шоу-бизнес өкілдері қатысып, өнер көрсеткен.

Парақшада концерт сәттерінен видео жарияланды. Кадрлардан депутат Дәулет Тұрлыхановтың Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстағанын көруге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!