Көпшілікке Qanay лақап атымен танымал Нұрболат Қанай әлеуметтік желіде қайын жұртында қызмет етіп, бірге уақыт өткізіп жүрген видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/qanay.913

Qanay-дың Жетісайда жүргенін көрген желі қолданушылары оны “күшік күйеу” деп сынаған көрінеді.

“Кейбір надан адамдар бар. Қайын жұртқа барғанымды намыс көріп, “күшік күйеу” дейді. Неге ақылдарың сондай таяз? Білмеймін, қайын жұртқа баруды намыс көретін түсінік бар. Тәкаппарлар. Олар да менің әке-шешем, жаңа отбасым”, – деп жазды жас әнші.

Айта кетейік, биыл маусым айында Нұрболат Қанай орамалдағы арумен шаңырақ көтерген болатын. Кейін әнші келіншегімен қалай таысқанын баяндап берді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!