Оңтүстік Американың төрт елі 2030 жылы футболдан мерейтойлық әлем чемпионатын өткізуге бірлескен өтінім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Уругвай, Аргентина, Парагвай және Чили Juntos 2030 (Бірге 2030) ұранымен осы әлемдік турнирді өткізу құқығын алуға үмітті. Өтінім беру рәсімі 1930 жылы Уругвай мен Аргентина (4:2) арасындағы бірінші әлем чемпионатының финалы өткен Монтевидеодағы «Сентенарио» стадионында ұйымдастырылды.

Бұған дейін 2030 жылғы Әлем чемпионатына Испания мен Португалия, сондай-ақ Болгария, Румыния, Грекия және Сербия ортақ өтінім берген болатын. ФИФА президенті Джанни Инфантино кандидаттар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы деп мәлімдеді. Ол 2030 жылғы турнирді өткізу орнын таңдауда әділ және ашық шешім қабылдауға уәде берді.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!