Қазақстан 2026 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге үміткер елдердің қатары­на қосылды. Қазақстандық тараптың өтінімі Халық­аралық шайбалы хоккей федерациясына 10 қаң­тарда берілді.

Blick-тің хабарлауынша, әлем чемпионаты 2020 жылы өтуі тиіс болған. Бірақ турнир коронавирусқа байланысты өтпей қалды. Айта кету керек, турнирге Қазақстаннан басқа Швейцария да үміткер. Швейцариялық хоккей қауымдастығы дүбірлі дода уақытында өтпегеніне байланысты 6,7 миллион доллар сақтандыру ақшасын алған еді. Енді әлем чемпионатын өткізу құқығына тағы да таласпақ.

Басылым елдегі толқуларға қарамастан қазақстандық өтінімнің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары екенін жеткізді. Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты бұрын-соңды Қазақстан аумағында өткізілмеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!