Аралас жекпе-жектен Eagle FC лигасы 28 қаңтарда Майамиде өтетін EFC 44 турниріне екі жекпе-жек қосты. Оның біріне қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) қатысады.
Оспановтың қарсыласы кикбоксингте Гига Чикадзені жеңіп шыққан әйгілі француздық Дилан Сальвадор (4-1) болмақ. Жекпе-жек елорда уақыты бойынша 29 қаңтар күні таңертең өтеді.
Айта кетейік, Арман Оспанов осыған дейінгі жекпе-жегін маусым айында Нью-Джерсиде (АҚШ) PFL 4 турнирінде өткізіп, америкалық Крис Уэйдті (20-7) екінші раундта нокаутқа түскен. Қаңтар айында өтетін турнирде бақ сынайтын Арманға артылар сенім мол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!