«Сыр үміті» жастар қауымдастығының және «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қорының қолдауымен облыс жастарының арасында асық атудан турнир өтті.
Әр ауданнан «сен тұр, мен атайын» сынды мергендер жиналған бұл турнирге 30-дан аса жас қатысты. Алайда ақтық сынның жолдамасы тек 4-еуіне жасқа ғана бұйырды. Ақтық сында қызылордалық Бауыржан Кеңесовтің асығы алшысынан түсіп, жеңімпаз атанса, Арал ауданының қатысушысы Ә.Кеңесов ІІ орынға тұрақтады. Ал Қармақшы ауданының спортшысы Темірлан Тұрмаханов ІІІ орынды қанағат тұтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!