Жастар орталығының ұйымдастыруымен және Қорқыт ата Қызылорда университеті мен қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мұсабаеваның қолдауымен  қала орталығындағы Илья Ильин атындағы спорт ауласында  «AULA SPORT» мәдени-спорттық сайысы өтті.

Сайыс арқан тарту, қол күрес және белтемір спорт түрлерінен ұйымдастырылды. Спорттық шараға 70-ке жуық жас қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде керемет әсер алды. Шара соңында белсенді жастар арнайы алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!