Өңірде биылдан бастап жеке спорттық нысандарға баратын балалар үшін төленетін қаржыны жан басына қаржыландыру тәртібімен реттеу тиімділігін танытты. Бұл үшін облыстық бюджеттен 212 миллион теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 2156 баланы спорттық секцияларға қамтуға мүмкіндік туды. Барлық спорт секцияларында «Ашық» қосымшасы орнатылған.

Кезекті Жеңіс көшесінде орналасқан «Алаш арыстаны» кешенінде де балалар мен жасөспірімдерге арналған ақысыз түрде жаттығуға болады. Кешенде 180-ге жуық бала мен жасөспірім каратэ, дзюдо, спорттық би спорт түрлерімен айналысады.

Спорттық үйірмелердің жұмыс кестесімен танысып жүрген ата-аналардың көбі баласын дзюдо, биге, каратэге бергісі келетін болып шықты. Ұлын жетектеген әкелердің көбі осы маңайдан табылды.