Бүгін Сербия астанасы Белградта бокстан әлем чемпионатының жалауы желбірейді.

Әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық екі боксшы шаршы алаңға шығады. Серік Теміржанов 1/32 финалда моңғолиялық Энх-Амар Хархуумен қолғап түйістіреді. Ол 57 келіде сынға түседі. ТокиоОлимпиадасының қатысушысы. Сонымен қатар құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) Тайбэйден келген Ю Линьмен шеберлік байқасады. Жекпе-жек Қызылорда уақытымен 21:00-де басталады. Бокс кешін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры – 2,6 млн АҚШ доллар. Жеңімпаз 100 000 доллар алса, күміс жүлдегер 50 000, қола жүлдегер 25 000 доллар алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!