Спорт күні – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде.

Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Мемлекеттің өзі беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда.

Жақында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев еліміздің спорт саласына кезек күттірмес реформаның қажеттігін алға тартты.

Былтыр елімізде Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған кешенді жоспары әзірленді. Бұл жоспарда мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары толық ескерілiп, ҚР Премьер-Министрімен бекітілді.

Кешенді жоспар 34 тармақ пен 5 негізгі бағыттан тұрады: нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, мектеп және студенттік спорт, спорт желілерін кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен тарату, спорттық-бұқаралық іс-шаралары.

Жақында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытудың қазіргі проблемалары мен перспективалары жөнінде арнайы кеңес өткізді.

Биыл халықтың спортпен шұғылдануын кемінде 35% нәтижеге жеткізе отырып (бүгінгі күні – 31,6%), нысаналы көрсеткіштерді қайта қарау тапсырылды. Ол үшін әкімдіктерге мемлекеттік спорттық тапсырыс көлемін ұлғайту, қосымша балалар, жасөспірімдер клубтарын, балалар-жеткіншектер спорт клубтарын ашу, мектеп және студенттер спорт лигаларының жұмысын қайта бастау есебінен балаларға арналған тегін спорт секцияларын кеңейту жүктелді. Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Маңғыстау облыстарында спорт мектеп-интернаттарының болмауына байланысты осы өңірлердің әкімдіктеріне олардың құрылысын бастау мәселесін шешу тапсырылды.

Спорт нысандарының толық жүктелуіне ерекше назар аудару мәселесіне екпін қойылды.

ҚазАқпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!