Барша әлемді аузына қаратқан үздік біріншіліктерде футболдың кезекті маусымы өз мәресіне жетті. Аладоптың отаны саналатын Англияда Пеп Гвардиола бастаған «Манчестер Сити» командасы 93 ұпаймен «Чемпион» атанды. 38 турдың 29-ын жеңіп, 6 мәрте қарсыласымен тең түсіп, 3 ойында жеңіліс көрген. Англия біріншілігінде 99 гол соғып, 26 мәрте Едерсон допты қақпадан алған.
92 ұпаймен «Англияның вице чемпионы» атанған «Ливерпуль» командасы 38 ойынның 28-ін жеңіп, 8 ойының тең ойнап, 2-ін жеңілген. Чемпионатта 94 гол соғып, 26 рет команда қорғауы саңылау берген.Үздік үштікті Лондонның үздік клубы «Челси» 74 ұпаймен тәмамдады. 38 турда 28 мәрте қарсыластан басым түсіп, 11 мәрте тең түсіп, 6 мәрте жығылған. АПЛ біріншілігінде 76 гол соғып, 33 мәрте Менди қақпасының кілті табылған. 71 ұпаймен төртінші орында Лондонның екінші командасы «Тоттенхем» еңшіледі. 38 кездесудің 22-сінде беделі артып, 5 рет тең ойнап, 11 мәрте жеңілген. Ел аузында жүрген Кейн бастаған жігіттер бұл маусымда турнир біріншілігінде 69 гол соқса, Льорис қорғаған қақпадан 40 мәрте саңылау табылған. Англияның үздік лигасымен қоштасатын командаларға келсек. 35 ұпаймен 18-орынға Бернли командасы орнықты.
38 кездесудің небәрі 7 мәрте қарсыласын жеңіп, 14 ойында тең ойнап, 17 рет жеңі­ліс­тен көз ашпаған. Лигада 34 гол соғып, 53 мәрте допты қақпа­сына алған. 19 орынға 23 ұпаймен Чемпионшиптың кезекті командасы Уотфорд жайғасты. 38 турдың 6-ын ғана жеңіп, 5-ін тең ойнап, 27 рет жеңілген. Олар Англия біріншілігінде ең көп жеңілген команда болды. Англия біріншілігінің дайын болмаған Норвич командасы 22 ұпаймен 20 орынды алды. 38 ойынның 5-ін жеңіп, 7-ін тең ойнап, 26-сын жеңілген. Жалпы біріншілікте 23 гол соғып, 84 мәрте қақпасына ие болмаған.
Әлемнің үздік 2 лигасы испаниялық Ла лигаға келсек. 86 ұпаймен «Папа Карло» бастаған Реал Мадрид командасы чемпион атанды. 38 кездесуде 26 рет қарсыласына тізе бүктірсе, 8 ойында тең ойнап, 4-ін жеңілген. Испания біріншілігінде 80 гол соғып, 31 мәрте қорғауы саңылау берген. Екінші орынға 73 ұпаймен «Реалдың» мәңгі қарсыласы «Барселона» орнықты. 38 ойынның 21-інде үздік болып, 10-ын тең ойнап, 7 рет жығылған. Ла лигада 68 гол соғып, 38 рет Тер Штеген қақпасына гол соғылған. Үздік үштікті Мадридтің екінші мықтысы «Атлетико Мадрид» 71 ұпаймен еңшіледі. 38 кездесудің 21-ін жеңіп, 8-ін тең ойнап, 6-уында жеңілген. Ла лигада 65 гол соғып, 45 гол жіберген. Төртінші орында 70 ұпаймен «Севилья» командасы иеленді. 38 ойынның 18-ін жеңіп, 16-сын тең ойнап, 4-ін жеңілген. Ла лигада 30 гол соғып, 23 гол жіберген. Ипанияның үздік лигасымен келесі командалар қош айтысады. Олар 38 ұпаймен 18 орынды ыңғайдаған «Гранада», 35 ұпаймен 19 орында көрінген «Леванте» және 31 ұпаймен 20 орынға түскен «Департиво Алавес».
Әлемге тактикалық футболдың отаны болып таңылған италиялық Сериа А-да Златан Ибрагимович бастаған «Милан» «чемпион» атанды. 38 ойында 26 рет жеңіске жетіп, 8 ойында тең түсіп, 4 мәрте жеңілген. Сариа А – да 69 гол соғып, 31 гол жіберген. Екінші орынды Миланның тағы бір командасы 84 ұпаймен «Интер» еншіленді. 38 турда 25 рет жеңіп, 9 ойында тең ойнап, 4 мәрте жеңіліске тап болған. Чемпионатта 84 гол соғып, 32 гол жіберген. Үздік үштікті 79 ұпаймен «Наполи» орнықты. 38 турдың 24-інде қарсыластан асып түссе, 7-уінде қарсыласпен тең ойын көрсетіп, 7-еуінде жеңілген. Ел біріншілігінде 74 гол соғып, 31 гол жіберген. 71 ұпаймен төртінші орында Туриннің үздік командасы «Ювентус» еншіледі. 38 кездесудің 20-сында беделі артып, 10 рет тең ойнап, 8 мәрте жеңілген. Влахович бастаған жігіттер бұл маусымда турнир біріншілігінде 57 гол соғып, 37 гол жіберген. Италияның үздік лигасымен келесі командалар қош айтысады. Олар 30 ұпаймен 18 орынды ыңғайлаған «Кальяри», 28 ұпаймен 19 орында көрінген «Джеона» және 27 ұпаймен 20 орынға түскен «Венеция».
Гол соғу мәнерімен әлемді таң қалдырған Германияның үздік лигасында Роберт Левандовски бастаған «Бавария» командасы 77 ұпаймен чемпион атанды. 38 ойынның 24-ін жеңіп, 5 ойында тең түсіп, 5 кездесуінде жеңілген. Бундеслигада 97 гол соғып, 37 гол жіберген. 69 ұпаймен «Германияның вице чемпионы» «Баруссия Дортмунд» командасы 38 ойынның 22-ін жеңіп, 3 ойында тең ойнап, 9 матчта жеңілген. Чемпионатта 85 гол соғып, 52 рет команда қорғауы саңылау берген. Үздік үштікті «Байер Леверкусен» клубы 64 ұпаймен тәмамдады. 38 турда 19 мәрте қарсыластан басым түсіп, 7 мәрте тең түсіп, 8 мәрте жығылған. Бундеслига біріншілігінде 80 гол соғып, 47 мәрте қақпасының кілті табылған. 58 ұпаймен төртінші орында «РБ Лейпциг» еңшіледі. 38 кездесудің 17-сінде беделі артып, 7 рет тең ойнап, 10 мәрте жеңілген. «Бұқалар» бұл маусымда турнир біріншілігінде 72 гол соғып, 37 гол жіберген. Германияның үздік лигасымен келесі командалар қош айтысты. Олар 33 ұпаймен 18 орынды ыңғайдаған «Герта», 28 ұпаймен 19 орында көрінген «Арминия» және 18 ұпаймен 20 орынға түскен «Гройтер».
Әлемге талантты футболшыларды паш етуден жалықпайтың Франция елінің үздік лигасында кезекті мәрте «Пари Сен-Жермен» 86 ұпаймен чемпион атанды. 38 ойынның 26-сында жеңіп, 8-інде тең түсіп, 4 матчта жеңілген. 1-Лигада 90 гол соғып, 36 гол жіберген. 71 ұпаймен «Францияның вице чемпионы» атанған «Марсель» командасы 38 ойынның 21-ін жеңіп, 8 ойында тең ойнап, 9 ойында жеңілістің кермек дәмін татқан. Чемпионатта 63 гол соғып, 38 рет команда қорғауы саңылау берген. Үздік үштікті «Монако» командасы 69 ұпаймен еңшіледі. 38 кездесудің 20-ын жеңіп, 9-ын тең ойнап, 9-ында жеңілген. 1 лигада 65 гол соғып, 40 гол жіберген.Францияның үздік лигасымен келесі командалар қош айтысады. Олар 32 ұпаймен 18 орынды ыңғайдаған «Сент-Этьен», 31 ұпаймен 19-орында көрінген «Мец» және 31 ұпаймен 20 орынға түскен «Бордо».

Дамир СЕЙІЛХАНОВ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!