Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында еліміздің 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Арменияны 7:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстандық футболшылар В лигасы төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары – Босния және Герцогвина, Эстония мен Армения.

Бүгінгі кездесу барысында қазақстандық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Ел құрамасынан Томирис Рахатжан, Айсана Зекен мен Виктория Цыганова екі голдан соқса, Полина Тучина бір мәрте қарсылас құрама қақпасын дәл көздеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық қыздар Эстонияға 0:2, Босния және Герцоговинаға 1:3 есебімен есе жіберді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!