Футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы бүгін Таиландпен кездеседі.

Қазақстандық футзалшылар топтық кезеңде А тобында сынға түсті. Қарсыластары – Литва, Венесуэла, Коста-Рика. Топтық кезеңде Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болды. Ал Венесуэламен 1:1 есебімен тең түсіп, 7 ұпаймен плей-оффқа жолдама алған еді. Таиланд С тобында үшінші орын алды. Португалиядан 1:4 есебімен жеңілсе, Мароккомен 1:1 есебімен тең ойнап, Соломон аралдарын 9:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады.

2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті. Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!