Футболдан ел біріншілігінің 12 турының алғашқы үш ойыны жанкүйерлер көңілінен шыққаны айдан анық. Себебі сол күні өткен кездесулерде бақандай 15 гол соғылды.

Түркістан Аренада жергілікті «Тұран» Оралдың «Ақжайығын» қабылдады. Бұл кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Десек те үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді. 71 мен 75 минуттар аралығында Николай Ковталюк соққан қос голдың арқасында қонақтардың мерейі үстем болды – 0:2.

Біраз уақыттан бері жеңіске жете алмай, өз жанкүйерлерінің көңіліне селкеу түсірген «Қайрат» бұл турда көздеген мақсатына қол жеткізді. Алматыда өткен матчта олар «Ақтөбенің» қақпасына төрт доп салса, қарсыластары нысананы екі рет дәл көздеді. Есеп 4:2. «Қайраттың» сапындағы Артур Шушеначев (7, 36 минуттар) дубль авторы атанса, Хосе Канте (51 минут) мен Небойша Косович (86 минут) бір-бір голдан соқты. Қонақтар арасында Дидар Жалмұқан (41 минут) мен Эрвейн Мукам 54 (54 минут) өз мүмкіндіктерін қалт жібермеді.

Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда жергілікті «Қайсар» «Астанаға» 2:5 есебімен есе жіберді. Алғашында Марин Томасов (31 минут) пен Вараздат Ароян (37 минут) елордалық клубты алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Егор Потапов (44 минут) есеп айырмасын қысқартқанымен, Макс Эбонг (45 минут) көзді ашып-жұмғанша қайта допты торда тулатты. Үзілістен кейін Томасов (47 минут) пен Роман Мұртазаев (61 минут) мергендік танытса, Стефан Денковичтің (87 минут) 11 метрлік айып добын сәтті орындап, кездесудің соңғы нүктесін қойды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!