Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі. Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ. Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілді. Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін. Бұл – қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!