IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жанкүйерлер оның келесі жекпе-жегінен көңілі қалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңертең GGG 14 ай дегенде алғаш рет рингке оралып, поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңді. Осылайша өз дивизионындағы чемпиондық титулдарды рекордтық 21-ші рет қорғады.

Қазақстандық промоутер Эдди Хирн ESPN-ге берген сұхбатында Головкиннің осы жекпе-жектен кейін өз мансабының болашағын өзі анықтайтынын атап өтті. Геннадийдің өзі де үлкен жаңалық болатынын айтты: «Маған сеніңіздер, келесі жолы біз ең керемет жекпе-жек өткіземіз», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!