Облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес мекемеде дінгесенуші сотталғандар арасында «7 мамыр –Отан қорғаушылар» күніне орай кіші футболдан спорттық шара өткізілді. Аталған шараға Қызылорда қалалық «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры ұйымдастырып, демеушілік жасады. Шара барысында жазасын өтеушілер «Жеңіс», «Жігіттер» және «Әбу Насыр әл-Фараби» атты үш топқа бөлініп, өзара бақ сынады. Шара соңында облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы Дәрібаев Жеңісбек жазасын өтеушілерді атаулы мерекемен құттықтады. Сайыс қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған қатысушылар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!