Бейжің қысқы Олимпиадасының билеттерін Қытай­да­ғы жанкүйерлер ғана ала алады. Бұл туралы Халық­аралық Олимпиада комитеті (ХОК) хабарлады.

Қысқы Олимпиада ойындарын залдан көргісі келетін көрермендер коронавирусқа қарсы хаттама талаптарын орындауға тиіс. Билет сатылы­мының ережелері әзірленіп жатыр, кейінірек көпшілікке жарияланады.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтаған барлық спортшы мен қатысушы Қытайға келгеннен кейін жабық цикл жүйесінде болады.

Вакцина салдырмаған спортшылар ҚХР астанасына келгеннен кейін 21 күн карантинде болуы керек. Ал екпе алмауға медициналық себептері бар спортшылар бөлек қаралады.

Спортшылар мен оларды ертіп жүретін делегациядан басқа барлық қатысушы ұйымдастырушылар белгіленген қонақүйге орналастырылады. Ойынға қатысушылар мен қызметкерлер күн сайын ПТР-тест тапсырады.

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпа­нында, ал қысқы Паралимпиада 4-13 наурыз аралығында өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!