«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Месси Париж клубының құрамында ойнауды жалғастырғысы келмейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі L ‘Equipe басылымына сілтеме жасап.

Аргентиналық спортшы 30 маусымда аяқталатын ПСЖ келісімшартын ұзартуға асықпайды.

Футболшы басқа клубқа ауысуды ойлап жүр. Ол мансабын Дэвид Бекхэм басқаратын америкалық MLS-тің «Интер Майами»-де жалғастыруы мүмкін.

35 жастағы Месси 2021 жылдан бері ПСЖ-да өнер көрсетіп келеді. 

ПСЖ 23 ойында 54 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Клуб келесі матчты 19 ақпанда лилльмен бірге өткізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!