Фото: instagram.com/leomessi

Аргентиналық футболшы Лионель Месси АҚШ чемпионатында ең көп жалақы алатын футболшылардың бірі. Ол өткен жылы «Интер Майами» командасымен 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойған еді. Бұл туралы Massaget.kz хабарлайды.

O Tempo ақпараты бойынша футболшы америкалық клубта жылына 20,4 миллион доллар жалақы алады. Бұған қоса қосымша сыйақылар мен жарнамадан түсетін қаржы да бар. 

АҚШ чемпионатында Мессиден кейін ең көп жалақы алатын ойыншының бірі – Лоренцо Инсинье. «Торонто» командасында доп тебетін футболшының жылдық табысы 15,4 миллион долларды құрайды. Үштікті 8,1 миллион доллар еңбекақымен Джердан Шакири түйіндеп тұр.

MLS жарысында ең көп жалақы алатын 10 футболшы: 

Лионель Месси («Интер Майами») – 20,4 миллион доллар;
Лоренцо Инсинье («Торонто») – 15,4 миллион доллар;
Джердан Шакири («Чикаго Файр») – 8,1 миллион доллар;
Федерико Бернардески («Торонто») – 6,3 миллион доллар;
Себастьян Дриусси («Остин») – 6 миллион доллар;
Дуду («Палмейрас») – 5,4 миллион доллар;
Эктор Эррера («Хьюстон Динамо») – 5,2 миллион доллар;
Серхио Каналес («Монтеррей») – 5 миллион доллар;
Андре-Пьер Жиньяк («Тигрес») – 4,6 миллион доллар;
Рафаэль Сантос Борре («Интернасьонал») – 4,6 миллион доллар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!