18-22 желтоқсан күндері Алматы қаласында WKF каратэден өткен Азия чемпионатында облыс намысын Мөлдір Жаңбырбай қорғады.

Мөлдір Жаңбырбай чемпионаттағы алғашқы қарсыласы Тайвань елінің қызын 2:0 есебімен жеңсе, екінші жекпе-жегінде Тайланд елінің каратэшісін 9:2 есебімен және 3 жекпе-жегінде Иран елінің қызын 7:5 есебімен жеңіп, ақтық сайысқа шықты.

Бүгін де Мөлдірдің жекпе-жекте жұлдызы жанды. Құттықтаймыз!