Қазақстан Республикасының 30 жылдығының аясында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы, білім басқармасы және облыстық қорғаныс департаментінің ұйымдастыруымен «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық туры өтті.
Жиынға облыс көлемінде іріктеуден өткен 5 командадан құралған 75 жас қатысты. Олар белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, АК-74 қаруын шашу, жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс кешенді қию, тоғызқұмалақ түрлерінен бақ сынады. Облыстық турнирде үздік шыққан жастар арасынан 3 команда жасақталып республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!