Премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені болып Шымкенттік «Ордабасы» командасының футболшысы Жоао Пауло танылды. 32 жастағы бразилиялық шабуылшы осы маусымда 20 матч өткізіп, 12 гол соқты.

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев 2020 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздік ассистенті атанды. Осы маусымда қорғаушы сегіз нәтижелі пас берді. Қарағандылық «Шахтер» командасының капитаны Арсен Хубулов жеті голдық пас берді.

Дино Миканович пен Вагнер Лав (екеуі де «Қайрат»), Серікжан Мужиков («Тобыл») және Жоао Пауло («Ордабасы») әрқайсысы бес нәтижелі пас берді. Тони Сильва («Тараз»), Небойша Косович («Қайрат»), Сенин Себай («Тобыл»), Тигран Барсегян («Астана») төрт мәрте әріптестерінің көзге түсуіне мүмкіндік жасады. Педро Еуженио («Жетісу»), Милан Стоянович («Оқжетпес»), Макс Эбонг, Дмитрий Шомко (екеуі де – «Астана»), Билал Себайхи («Каспий»), Мирзад Механович («Ордабасы»), Александр Станисавлевич («Қайсар»), Сергей Зенев (» «Шахтер») үш нәтижелі пастың авторы атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!