Футболдан Қазақстан OlimpBet кубогының 1 кезеңінде «Қайсар» «Оқжетпеспен» кездесіп, 2-0 есебімен жеңіске жетті.

Алаң иелері ойын басталысымен ширақ қимылдап, 39-минутта есеп ашты. Аян Құлмағанбетовтың ұйымдастырған шабуылын ұтымды пайдаланған Кирилл Сидоренко қасқырларды алға шығарды.Кездесудің екінші жартысында Руслан Сахалбаев бұрыштамадан қақпаны дәл көздеп, есепті еселеді.

Осылайша тоқсан минуттық тартыста «Қайсар» сауатты ойнап, ел кубогының ІІ кезеңіне жолдама алды.Айта кетейік, қасқырлар ІІ кезеңде «Байқоңыр» мен «Жас Сұңқар» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!