Республикалық БАҚ “Қайсар” футбол клубының 21 турдағы сәтсіздігінен кейін басшылық құрамда өзгеріс орын алатынын жариялады. Алайда қызылордалық “Қайсар” футбол клубының басшылық құрамында өзгеріс болмайды.

Клуб басшысы Серік Досманбетовтың 5 жылда атқарған жұмысы сараланып, “Қайсардың” тарихындағы нәтижелі жетістігі соңғы 5 жылда орын алғандығы айтылды. Атап айтсақ, Серік Досманбетовтың басшылығымен команда 2017 жылдан бері премьер-лигада қалыпты өнер көрсетсе, 2019 жылы Қазақстан кубогын еншілеп, тұңғыш рет Еуропа лигасына қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар негізгі құрамға жергілікті футболшылардың 52 пайызы тартылып, қызылордалық футболшыларға зор мүмкіндік қарастырылуда.

Айта кетейік, қазіргі таңда “Қайсар” футбол клубына премьер-лигада орнын сақтап қалу үшін міндет қойылған. Қызылордалық команда “Ақжайық”, “Ақтөбе”, “Астана”, “Жетісу”, “Тараз” сынды командалармен бақ сынайды. Сонымен қатар Қазақстан кубогының ширек финалында алматылық “Қайратпен” жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!