Облыстық дене шынықтыру және спорт бас­қар­масының келісімімен Жұмахметов Жағыппар Насрадинұлы «Қайсар» фут­бол клубының дирек­торы қызметіне тағайын­далды. Сонымен қатар осы аптада тағы бір кадрлық өзгеріс орын алды. Енді «Қай­сар» командасын Сұлтан Әбілдаев жат­тық­тырады.

 Жаңадан тағайындалған бас бапкер «Қайсарды» Бірінші лигадан Премьер-лигаға 4 рет шығарған. 3 рет бас бапкердің көмекшісі ретінде болса, соңғы рет 2016 жылы біліктілігі арқасында қызылордалық команда ойыншыларына Премьер-лигада доп тебуге мүмкіндік сыйлады. Жоғары кәсіби білімді маман. Премьер-Лига талабына сәйкес PRO-дәрежесі бар.

«Команданың 90 пайызы өзгерді. Қазір жергілікті футболшыларға артылатын үміт көп. Алдағы мақсат  – Премьер-лигаға өту»,– деді облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев.

Ал бас бапкер Сұлтан Әбілдаев «Маған сенім білдіргеніне алғыс айтамын. Алдағы жоспарымыз белгілі. Жаңа маусымда Бірінші лигадан алдыңғы қатардан көрініп, Премьер-лигаға жолдаманы алу. Қазіргі кезде оқу жаттығу жиындары жергілікті базамызда өтуде. Екінші жаттығу қаңтар айында Шымкент қаласында жалғасады. Негізгі құрам содан кейін анықталатын болады», – деді «Қайсар» ФК бас бапкері Сұлтан Тоқатайұлы.