Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды.

Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен есе жіберген болатын.

Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24  есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!