Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан жастар (U-21) құрама­сының алдағы матчтарға шақыртылған футболшылар тізімін жариялады. Жастарымыз 7 қыркүйек күні өз алаңында Дания құрамасын қабылдайды.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Қажымұқан Төлепберген («Мақтаарал»).

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен («Ақтөбе»), Александр Широбоков («Қайрат»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Нұралы Мамырбаев («Қыран»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Лев Скворцов («Астана»), Сағи Совет («Астана»), Әлішер Әжімов («Ақтөбе») Нұрберген Нұрбол («Жетісу»).

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағынаев («Астана), Андрей Ульшин («Қайрат»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Данияр Үсенов («Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Максим Самородов («Ақтөбе»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Арсен Буранчиев («Қайрат»).

Шабуылшылар: Матвей Герасимов («Ислочь», Беларусь), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Владислав Прокопенко («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат-Мәскеу»).

Қосалқы құрам: Жасұлан Қайыркенов («Атырау»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Қайрат»), Равиль Ибрагимов («Қайрат»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»), Мейрамбек Қалмырза («Астана»), Иван Сверидов («Шахтер»).

Оқу-жаттығу жиыны 28 тамызда басталады. Жастарымыз 7 қыркүйек күні өз алаңында Дания құрамасын қабылдайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!