Kyzylorda-news.kz. «Евразия» спорт кешенінде жуынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан дәстүрлі республикалық турнирі өтіп жатыр.

Турнирге Байқоңыр қаласы, Түркістан жəне Қызылорда облыстарынан 25 команда 500 спортшы қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылуында қала əкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Әмірбек Шаймағамбетов жəне Батыржан Шалғынбаевтың інісі Батырбек Шалғынбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.

Батыржан Шалғынбаев атындағы қор тағайындаған жүлде қоры: 1-орынға 700 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңге, 4-орынға 150 мың теңге.
Сондай-ақ, бес номинация бойынша үздік ойыншылар марапатталады.

Ойындар «Евразия», «Сейхұн» спорт кешендерінде, #2 ОРМБЖМ, Абылай хан атындағы және Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледждердің ойын залдарында өтуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!