Kyzylorda-news.kz. Сыр спортшылары белбеу күресінен ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алып, командалық есеп бойынша І орынды иеленді.

6-8 сәуір күндері Петропавл қаласында 2006-2007 жылдары туылған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Қызылорда облысының құрама командасы 12 медальмен жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орынды Маңғыстау облысы және ІІІ орынды Түркістан облысының командасы иеленді.