Kyzylorda-news.kz.   Қызылорда қаласында велоспорттан тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесіне арналған 15-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында республикалық дәстүрлі жарыс өтті.

Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 92 спортшы қатысты.
Нәтижесінде қызылордалық велошабандоздар 12 медаль жеңіп алды. Оның 4-уі алтын, 5-уі күміс, 3-уі қола медаль.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ВЕЛОЖАРЫС НӘТИЖЕСІ:
Топтық жарыс, 30 шақырым, қыздар:

  1. Аружан Тоқбаева – Қызылорда
  2. Жібек Болатбекқызы – Қызылорда
  3. Аружан Рахымжан – Қызылорда
    Топтық жарыс, 50 шақырым, ұлдар:
  4. Вадим Белугин – БҚО
  5. Аслан Силықбек – Қызылорда
  6. Даниил Безьянов – БҚО
    Топтық жарыс, 20 шақырым, қыздар:
  7. Аружан Тоқбаева – Қызылорда
  8. Аружан Рахымжан – Қызылорда
  9. Бибінұр Бектаева – Қызылорда
    Топтық жарыс, 60 шақырым, ұлдар:
  10. Вадим Белугин – БҚО
  11. Ердаулет Егізбай – Қызылорда
  12. Жалғас Әбубәкір – БҚО
    Критериум, 8 айналым, қыздар:
  13. Аружан Тоқбаева – Қызылорда
  14. Аружан Рахымжан – Қызылорда
  15. Бибінұр Бектаева – Қызылорда
    Критериум, 16 айналым, ұлдар:
  16. Аслан Силықбек – Қызылорда
  17. Даниил Зинкевич – СҚО
  18. Егор Логачев – СҚО

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!