Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара 17 жасында осы ұйымның арнайы сертификатына ие болды.

Ұйымның ресми құжатында «әйелдер арасында блиц бойынша ең жас әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген» және «2021 жылы Варшавада (Польша, 2021 жыл 30 желтоқсан) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті» делінген.

Одан кейін Ассаубаева «блиц» бойынша I орын алып, әйелдер арасында әлемдік шахмат тарихындағы ең жас шахматшы атанды. Сондай-ақ осы чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (Рапид) 2 орынға ие болды. Шешуші ойындарда тәжірибелі грузин шахматшысы, гроссмейстер Нана Дзагнидзені, жерлесі Әсел Серікбайды жеңіп, халықаралық чемпионаттың жеңімпазы, гроссмейстер Александра Костенюкпен тең түскен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!