36 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду биылғы трансфердың сенсациясына айналып, өз арманына жетті. Ол мансабының соңын «Манчестер Юнайтедте» аяқтағысы келетінін  осы уақытқа дейін айтқан.  Атақты футболшы жаңа командаға ауысу туралы пікір білдірді.

“Манчестер Юнайтед” –  әрқашан  жүрегімде ерекше орын алатын клуб, трансферден кейінгі хабарландырудан  келген барлық жылы лебіздерді оқып, риза болдым. Мен жанкүйерге лық толы “Олд Траффордта” ойнауды және барлық жанкүйерлерді қайта көруді асыға күтемін. Халықаралық ойындардан кейін командаға қосыламын және бізді өте сәтті маусым күтіп тұр деп үміттенемін”, – деді Роналду “Манчестер Юнайтедтің” ресми сайтына берген сұхбатында.

Туриндік клубтың ресми сайты “қызыл сойқандардың” Роналду үшін 15 миллион еуро төлегенін хабарлады. Футболшы белгілі бір жетістіктерге жетсе “Ювентус” бонус ретінде тағы 8 миллион еуро алатын болады.

Еске салайық, Криштиану 2003-2009 жылдар аралығында “Манчестер Юнайтед” клубында ойнаған, ол жерге өзінің мансабын бастаған “Спортинг” клубынан ауысып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!