Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жеке және жұптық разрядтағы жаңартылған нұсқасы жарияланды.

Ең мықтылар үштігі өзгеріссіз қалды: австралиялық Эшли Барти көш бастап, оның артында белоруссиялық Арина Соболенко мен чех спортшысы Каролина Плишкова тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-інші орыннан 16-ыншы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты.

Юлия Путинцева бес жолдан айырылып, 49-ыншы атанды. Ал Зарина Дияс жеті белгіге түсіп, 112-інші орында тұрақтады.

Жұптық разрядтың көшбасшысы Бельгиядан келген Элиза Мертенс болды, одан кейін Чехия өкілі Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова. Анна Данилина 88-ден 86-ға көтерілсе, Рыбакина 96-ыншы, Дияс 181-інші болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!